jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Венесуэлада президент міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Делси Родригес
Делси Родригес. Фото: JUAN BARRETO/Getty Images

Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді. Бұл туралы Синьхуа жазды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Делси Родригес Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін президенттің міндетін уақытша атқаратыны белгілі болды.

Еске салсақ, Каракаста кем дегенде жеті жарылыс естіліп, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған болатын – жарылыс дыбыстары қаланың әр түрлі бөліктерінде, сондай-ақ Майкетиядағы Симон Боливар әуежайында және Ла-Гуайра портында естілді.

Кейінірек Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-ты Венесуэланы бомбалады деп айыптап, БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуге шақырды.

Венесуэла президенті Николас Мадуро кешенді ұлттық қорғаныс жүйесін дереу іске қосуды және ұлттық күштерді жұмылдыруды бұйырды. Елде төтенше жағдай жарияланды. Артынша Трамп Мадуро мен оның әйелі тұтқынға алынып, елден эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге Дональд Трамп қамауға алынған Венесуэла президентінің суретін жариялады. Ал кейінірек өз резиденциясындағы баспасөз конференциясында ол енді елді АҚШ басқаратынын мәлімдеді.

Венесуэлада президент міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.