jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Руандада найзағай соққысынан тоғыз адам қаза тапты

Найзағай
Найзағай. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Руанданың шығысында қатты найзағай төтенше жағдайға себеп болып, салдарынан 15 адам зардап шекті. Олардың тоғызы көз жұмған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға Руанданың шығыс провинциясында орналасқан Нгома аймағына қарасты Харама секторында болған.

Шығыс провинциясының губернаторы Пьюденс Рубингисаның айтуынша, қатты найзағайдан өздерінің бақшасындағы жұмыстан кейін жаңбырдан жасырынып тұрған фермерлер зардап шеккен. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Барлығы 15 адамды найзағай соққан. Олардың тоғызы қаза тапқан.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жер бедері мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты Руанданың шығысы мен батысында найзағай соғу жағдайлары жиі кездеседі.

Руандада найзағай соққысынан тоғыз адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.