Венесуэлада президент сарайының жанында атыс болды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Каракастағы президент резиденциясының жанында атыс болды, куәгерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының да байқалғанын айтуда. Сондай-ақ үкіметтік ғимараттардан адамдар эвакуацияланғаны туралы хабарлама тарады.
BNO News хабарлауынша, Мирафлорес сарайының (Каракастағы Венесуэла президентінің резиденциясы) жанында атыс дыбыстары естілген. Желіде дүйсенбі күні кешке (Астана уақыты бойынша сейсенбі таңертең) қарулы адамдар туралы видео тарала бастағаны туралы айтылуда.
РБК хабарлауынша, шамамен сол уақытта Каракастың орталығындағы сарайдың үстінен белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшып өткен, ал қауіпсіздік күштері жауап ретінде оқ жаудырған. Дереккөздердің мәліметінше, бұл жағдай Дельси Родригес уақытша президент ретінде ант бергеннен кейін бірнеше сағаттан кейін болған.
Ақ үй атыс туралы хабарламаларды мұқият бақылап отырғанын және болып жатқан оқиғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
РИА Новости Noticias Caracol радиосына сілтеме жасап хабарлауынша, Каракастағы үкіметтік ғимараттардан адамдар эвакуацияланды.
"Қазіргі уақытта атыс эпицентрінде орналасқан министрліктер мен үкіметтік ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайға байланысты атыс болған жерге жақын орналасқан кәсіпорындар мен аудандар жабық, сондықтан сатып алушылар мен тұрғындар жағдай жақсарғанша үйде отыруға мәжбүр", - деп хабарлады радио.
Еске сала кетейік, сенбі кешке Каракаста жарылыстар болды. Содан кейін Трамп АҚШ тарабынан ірі әуе шабуылдары басталғанын және Венесуэла президенті Николас Мадуро әйелімен бірге тұтқынға алынып, елден әкетілгенін мәлімдеді.
БАҚ Венесуэлаға жасалған шабуылдардан ондаған адамның қаза тапқанын хабарлады. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы бұл оқиғаны соғыс немесе Венесуэлаға басып кіру деп атаудан бас тартты.
BREAKING: Heavy gunfire near Venezuela's presidential palace, circumstances unclear pic.twitter.com/rO9y01mQAq
— BNO News Live (@BNODesk) January 6, 2026
WATCH: Anti-aircraft fire near presidential palace in Venezuela, possibly targeting drones https://t.co/e14YCxpZ9A
— BNO News Live (@BNODesk) January 6, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2328587-venesuelada-prezident-saraiynyng-zhanynda-atys-boldy-video/