jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен кем дегенде 14 адам қаза тауып, 70 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Өрт болған сауда орталығы
Өрт болған сауда орталығы. Фото: Rizwan TABASSUM / AFP via Getty Images

Өткен демалыс күндері Пәкістанның Карачи қаласында өрт сөндірушілер ауданы 8000 шаршы метр болатын сауда орталығындағы өртті сөндірді. Кейінгі мәліметтер бойынша, өрттен 14 адам қаза тауып, 70-тен астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Euronews тілшілерінің хабарлауынша, сенбі, 17 қаңтарда кешке көп қабатты Gul Plaza сауда орталығында шыққан өртті сөндіруге бір тәуліктен аса уақыт кеткен.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, сауда орталығының бірінші қабатында өрт шыққаны туралы қоңырау жергілікті уақыт бойынша сағат 22:38-де түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде жалын жоғарғы қабаттарға таралып үлгерген.

Қалалық құтқару қызметінің басшысы өрт ғимараттағы тез тұтанатын материалдарға (әтір, киім-кешек және пластикалық заттар) байланысты лезде таралғанын айтты.

Bild басылымының жазуынша, кейінгі мәліметтер бойынша, өрттен кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы 38 адам зардап шеккен. Синд провинциясының губернаторы 70-тен астам адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады, сондықтан қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзумен байланысты. Ғимарат 400 дүкенге арналған, бірақ іс жүзінде онда шамамен 1200 дүкен жұмыс істеген. Шенеуніктер апат кезінде шығуға арналған екі есіктің ғана жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен кем дегенде 14 адам қаза тауып, 70 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.