Қырғызстанда рулі оң жақта орналасқан автокөлікпен такси қызметін көрсетуге түбегейлі тыйым салынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қырғызстанда рулі оң жақтағы автокөлік жүргізушілері такси болып қызмет көресете алмайды, деп хабарлайды 24KG.
Басылымның мәліметінше, ел тұрғындары әлеуметтік желіде рулі оң жақтағы автокөлік иелеріне такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап, петиция жариялаған. Ішкі істер министрлігі бұған қатысты жауап берді.
Ведомство мәліметінше, заң бойынша жолаушыларды және жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді пайдалануға тыйым салынады. Тыйым такси қызметіне де қатысты.
"Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін қабылданды. Статистикаға сәйкес, соңғы он жылда рулі оң жақтағы көліктер 21 159 рет апатқа ұшырағаны тіркелген. 34 656 адам жарақат алып, 2 366 адам қаза тапты. Апаттардың шамамен 60 пайызы осындай көлік жүргізушілерінің кінәсінен болады", - деп жазады басылым.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2334419-qyrgyzstanda-ruli-ong-zhaqta-ornalasqan-avtokolikpen-taksi-qyzmetin-korsetuge-tubegeili-tyiym-salyndy/