jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Байкал көлінде туристер мінген көлік мұз астына түсіп кетті: қаза тапқандар бар

мұз
Мұз. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ресейдің Иркутск облысында туристер мінген көлік Байкал көлінде мұз астына түсіп кетті. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 20 ақпанда түс кезінде Хобой мүйісі маңындағы Байкал көлінде тоғыз адам мінген УАЗ маркалы көлік мұз астына түсіп кеткен.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар бар. Ресей тергеу комитетінің Иркутск облысы бойынша тергеу органдары Ресей Қылмыстық кодексінің 238-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету) және 293-бабы 3-бөлігінде (немқұрайлылық) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құрамында Тергеу комитетінің тергеушілері, полицияның және Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бар жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Іздеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ куәгерлерден, су айдынындағы қауіпсіздікке жауапты органдардың өкілдерінен жауап алынып жатыр.

Байкал көлінде туристер мінген көлік мұз астына түсіп кетті: қаза тапқандар бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.