jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-та қалың қар жауып, 100 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

қар
Қалың қар. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың шығысында қалың қар жауып, салдарынан 100 мыңнан астам үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Электр қуатының үзілуін талдау платформасының мәліметіне сәйкес, жалпы кем дегенде 101 800-ге жуық нысан жарықсыз қалды. Нақтырақ айтқанда, келесі штаттар электр қуатынсыз қалған:

  • Делавэр (29 162)
  • Нью-Джерси (28 574)
  • Вирджиния (24 783)
  • Мэриленд (19 374).

Ал америкалық БАҚ қалың қар жауғанына байланысты 60 млн-нан астам халық тұратын аумақта төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, аталған штаттарда дүйсенбіге қарай 30-дан 60 сантиметрге дейін қар жаууы мүмкін.

АҚШ-та қалың қар жауып, 100 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram