jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Пәкістан Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне соғыс жариялады

ту
Пәкістан туы. Фото: pixabay.com

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабад Ауғанстандағы "Талибан" үкіметіне "ашық соғыс" жариялағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

"Енді бізде ашық соғыс жүреді. Бұл қанды соғыс болады. Пәкістан армиясы теңіздің арғы жағынан келген жоқ. Сендердің көршілеріңбіз, сендердің уақыттарыңды білеміз" - деп жазды Асиф әлеуметтік желіде.

Министр "Талибан" үкіметін "Ауғанстанды Үндістанның колониясына айналдырды", елге "бүкіл әлемнен террористер жинап, терроризмді экспорттады" және "Үндістанның қуыршағына айналды" деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін 26 ақпанда ауған әскери күштері Пәкістанның шабуылына жауап ретінде Дюранд сызығы бойында — Хост, Пактия, Нуристан және басқа да бірнеше аудандарда Пәкістанға қарсы операциялар бастағанын хабарлаған. Екі жақтан да шығыны бар.

Кейінірек Пәкістанның Ауғанстандағы бірнеше провинцияға шабуыл жасағаны және Ауғанстан астанасында жарылыстар болғаны туралы хабарланды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Пәкістан Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне соғыс жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.