jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мадуроның орнын басқан Венесуэланың уақытша президенті Трампқа үндеу жасады

Делси Родригес
Делси Родригес. Фото: Jesus Vargas/Getty Images

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес АҚШ президенті Дональд Трамптан Каракасқа салынған санкцияларды алып тастауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW басылымына сілтеме жасап.

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес ұлттық телевизия эфирінде сөз сөйлеп, АҚШ президенті Дональд Трампты өз еліне қарсы санкцияларды алып тастауға және Венесуэла мұнайына блокаданы тоқтатуға шақырды.

Родригес 2026 жылдың қаңтардың басында АҚШ билігі Николас Мадуроны тұтқындап, биліктен тайдырғанына қарамастан, екі елдің бір-бірімен "достық" қарым-қатынаста деп санайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ Каракастағы үкіметі "АҚШ-пен ынтымақтастықтың жаңа бетін ашуға" тырысып жатқанын және дәл сол себепті Вашингтон мұнай блокадасын тоқтатып, Венесуэлаға қарсы санкцияларды алып тастауы керек екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, жыл басында АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және президенті Николас Мадуроға қарсы кең ауқымды шабуылды сәтті жүзеге асырғанын, ол тұтқынға алынып, әйелімен бірге елден эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Бұл операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілгені хабарланды.

Кейін Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді.

Мадуроның орнын басқан Венесуэланың уақытша президенті Трампқа үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.