jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қатар, Бахрейн, БАӘ, Кувейт: Иран Израильге және АҚШ базаларына кері соққы жасай бастады

Бахрейн
Бахрейн. Видеодан кадр: t.me/stranaua

Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Израильге көмек көрсететін кез келген елдің әскери базасы Иранның зымыран соққыларының нысанасына айналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Израильге көмектесетін өңірдегі кез келген база біздің нысанамызға айналады", - деді Бас штаб өкілі.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның кері соққыларына әзірге төрт елдегі әскери базалар тап болды: Катар, Кувейт, БАӘ және Бахрейн.

Ұлттық коммуникация қызметіне сілтеме жасаған Bahrain News Agency мәліметінше, зымырандар соққысы АҚШ-тың Бесінші флотының қызмет көрсету орталығына жасалған.

"Дабыл сиреналары іске қосылды... Азаматтар мен тұрғындарға басты жолдарды тек қажет болған жағдайда ғана пайдалануға кеңес береміз", - деп мәлімдеді Бахрейн Ішкі істер министрлігі.

БАҚ беттерінде Дубай мен Абу-Дабиде жарылыс дыбыстары естіліп жатқаны жазылған.

Қатар, Бахрейн, БАӘ, Кувейт: Иран Израильге және АҚШ базаларына кері соққы жасай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.