Иран үкіметі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын растады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күн бойы аза тұтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IRNA-ға сілтеме жасап.
IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел үкіметі Әли Хаменеидің қайтыс болғанын растады.
"Ислам революциясының Ұлы көсемі, аятолла Хаменеи сионистік режим мен АҚШ-тың 28 ақпан, сенбі күні таңертеңгі шабуылынан мерт болды.
Үкімет жоғарғы көсем аятолла Хаменеидің қазасына байланысты 40 күндік ұлттық аза тұту және жеті мемлекеттік демалыс күнін жариялады", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қайтыс болғаны туралы ақпарат жариялады. Ол оны "тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі" деп атады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2348757-iran-ukimeti-aiatolla-ali-hameneiding-qaza-tapqanyn-rastady/