jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартатынын мәлімдеді

Иран өндірген зымыран және Иран туы
Иран туы және Иран өндірген зымырандар. Фото: Majid Saeedi/Getty Images

Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Х желісіндегі парақшасында Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

"Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз", - деді ол.

Оның сөзінше, АҚШ басшысы "бос үміт" беріп, Таяу Шығысты хаосқа айналдырды, енді әрі қарай "америкалық әскерде адам шығыны көбейе ме" деп қорқады.

"Трамп "жалған үміт" беріп, аймақты хаосқа айналдырды, енді "америкалық әскер одан әрі шығынға батады" деп қорқады. Ол қисынсыз әрекеттері арқылы "Ең алдымен Америка" ұранын "Ең алдымен Израиль" деп өзгертті және Израильдің билікке ұмтылысына бола америкалық сарбаздарды құрбан етті", - деп жазды Лариджани.

Оның айтуынша, Трамп өзінің "жалған мәлімдемелерімен" америкалық әскери қызметкерлер мен олардың отбасына зиян келтіріп отыр.

"Бүгінде Иран халқы өзін қорғап жатыр. Иран қарулы күштері басып кірген жоқ", - деді Лариджани.

Ал бірнеше сағат бұрын Трамп Иранның жаңа басшылығы АҚШ-қа келіссөздерді қайта бастауды ұсынғанын мәлімдеді.

"Олар келіскісі келеді, мен келістім, сондықтан олармен сөйлесемін. Ертерек солай жасауы керек еді. Оларға мұны ертерек ұсынуы керек еді, сонда жеңіл әрі ыңғайлы болар еді. Олар тым ұзақ күтті", - деді ол.

Трамп келіссөздердің қашан болатынын айтқан жоқ, бірақ Вашингтон соңғы апталарда байланыста болған кейбір ирандық келіссөз жүргізушілер шабуыл кезінде қаза тапқанын айтты.

Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартатынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.