Кувейтте америкалық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кувейтте америкалық F-15 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша ұшқыштар аман қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Басылымның америкалық телеарналарға сілтеме жасап хабарлауынша, ұшқыштар құлап бара жатқан ұшақтан катапульта жасап үлгерген. Желіде жарияланған кадрларда ұшақтың құлаған сәті және ұшқыштардың секіріп бара жатқаны көрінеді.
Апаттан кейін екі америкалық парашютші сәтті қонғаны хабарланды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, ұшақ атып түсірілген.
Сонымен қатар Al Jazeera арнасы Таяу Шығыс елдерінде, атап айтқанда, Бахрейн мен Кувейтте сиреналар қосылғанын хабарлады. Соңғы сағаттарда кем дегенде үшінші рет дабыл қағылған.
BREAKING:
— Ink & Update (@inkandupdate) March 2, 2026
Reports of a U.S. F-15 fighter jet downed over Kuwait moments ago in a friendly fire incident.
The pilot was rescued and is said to be stable. pic.twitter.com/nCLKJVB0Ui
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2349115-kuveitte-amerikalyq-zhoigysh-ushaq-apatqa-ushyrady-video/