jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БАҚ: Иран Нетаньяхудың кеңсесін зымыранмен атқылады

Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Nathan Howard / POOL / AFP via Getty Images

Иран әскерилері Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді.

""Шынайы уәде 4" операциясының оныншы толқыны барысында осы қылмыстық режимнің премьер-министрінің кеңсесі, сондай-ақ осы режим армиясының әуе-қорғаныс күштері қолбасшысының орналасқан жері "Хейбар" зымырандарының нысанасына айналды", - деген мәлімдемені келтірді басылым Иранның мемлекеттік телерадио компаниясына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ИРСК "Израиль премьер-министрінің тағдыры белгісіз" екенін мәлімдеді.

Израиль билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

БАҚ: Иран Нетаньяхудың кеңсесін зымыранмен атқылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.