jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ әскери қызметшілері Эквадорда операция бастады

Америкалық әскери қызметшілер
Америкалық әскери қызметшілер. Көрнекі фото: Michael Sugrue / Getty Images

АҚШ пен Эквадор террористік ұйымдарға қарсы бірлескен операция бастады. Бұл туралы Пентагонның Оңтүстік қолбасшылығы Х желісінде мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Генерал Фрэнсис Л. Донован операцияның мән-жайын айтты. Оның сөзінше, Эквадор мен Америка қарулы күштері Эквадорда террористік ұйым деп танылғандарға қарсы операция бастады.

"Біз бүкіл жарты шар тұрғындары арасында ұзақ уақыт бойы террор, зорлық-зомбылық және сыбайлас жемқорлықты жайып келген наркотеррористерге қарсы тұру үшін бірлесіп, шешуші шаралар қабылдап жатырмыз", - делінген мәлімдемеде.

Генерал Донован Эквадор әскерилеріне алғысын білдірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram