jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қытай Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды

Қытай сыртқы істер министрі Ван И
Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Фото: Attila KISBENEDEK / AFP via Getty Images

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарына қарсылық білдіріп, әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И израильдік әріптесі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесіп, Израильдің Иранға қарсы әскери іс-қимылын тоқтатуға шақырды.

Қытай сыртқы істер министрі халықаралық және аймақтық мәселелер диалог пен консультациялар арқылы шешілетіні туралы елдің ұстанымын атап өтті.

"Жақында Иран мен АҚШ арасындағы өткен келіссөздер айтарлықтай ілгері жылжыды, және онда Израильдің қауіпсіздік мәселелері де ескерілді. Өкінішке қарай, бұл процесс әскери шабуылдардың кесірінен үзілді", - делінген мәлімдемеде.

Қытай қақтығыстың одан әрі ушығып, жағдайдың бақылаудан шығып кетуіне жол бермес үшін соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.

Мәлімдемеде Қытай Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдарына қарсы екені атап өтілген.

"Күш қолдану мәселені шынайы шеше алмайды. Керісінше, ол жаңа мәселелерді тудырады және ауыр зардаптар әкеледі", - делінген мәлімдемеде.

Қытай Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.