jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БАҚ: Иран Израильдің ядролық реакторын жарып жіберетінін айтып қорқытты

Иран
Иран. Фото: Anton Petrus/Getty Images

Иран әскери шенеуніктері егер Израиль мен АҚШ Иран үкіметін құлатуға тырысса, Израильдің ядролық реакторына "соққы жасайтынын" айтып қорқытты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Иранның Isna ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, егер Израиль АҚШ-пен бірлесіп Ирандағы билікті құлатуға әрекет жасаса, Израильдің ядролық реакторына соққы жасайтынын айтып қорқытты.

"Егер АҚШ пен Израиль Ирандағы режимді өзгертуге тырысса, Тегеран Израильдің Димона қаласындағы ядролық реакторына соққы береді", - делінген мәлімдемеде.

Сөз болып отырған ядролық зерттеу орталығы Димона қаласының маңындағы Негев шөлінде орналасқан. Ол 1964 жылы ашылған. Орталық құрамында табиғи уранмен жұмыс істейтін ауыр су реакторы (IRR-2) бар.

БАҚ: Иран Израильдің ядролық реакторын жарып жіберетінін айтып қорқытты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram