jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иран дроны әуежай аумағына құлады: Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі қарымта жауап болатынын ескертті

Зақым келген Әзербайжандағы әуежай
Зақым келген Әзербайжандағы әуежай. Видеодан скриншот: t.me/mash

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ирандық дрондардың ел аумағына шабуылдарын айыптады. Ұшқышсыз аппараттардың құлған жері мен зардап шеккендер туралы ақпарат та жарияланды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әзербайжан аумағына ирандық ұшқышсыз аппараттардың құлағаны белгілі болды. Желіде Нахичевань қаласына жақын жердегі әуежай аумағындағы жарылыстың видеосы тарады.

Осыған байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің Instagram-дағы аккаунтында ел аумағына ұшқышсыз аппараттар арқылы жасалған шабуылдарға қатысты мәліметтер жарияланды.

"Бір ұшқышсыз аппарат Нахичеваньдағы әуежай терминалының ғимаратын зақымдады, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына құлады.

Біз Иран Ислам Республикасының аумағынан ұшырылған ұшқышсыз аппараттар арқылы жасалған шабуылдарды қатаң айыптаймыз. Мұның салдарынан әуежай ғимаратына зақым келді және екі бейбіт тұрғын жарақат алды", - делінген мәлімдемеде.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған шабуыл халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын бұзу болып табылады және аймақтағы шиеленістің артуына ықпал етеді деп санайды.

"Біз Иран Ислам Республикасынан бұл жағдайға қатысты қысқа мерзімде нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және болашақта мұндай шабуылдардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін қажетті шұғыл шараларды қабылдауды талап етеміз.

Әзербайжан тарапы жауап ретінде тиісті шаралар қабылдау құқығын өзінде қалдырады", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар Иранға наразылық нотасын тапсыру үшін Иранның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

Иран дроны әуежай аумағына құлады: Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі қарымта жауап болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.