jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Әзербайжан аумағына дрондар құлады: елдің Сыртқы істер министрлігі Ираннан түсініктеме беруді талап етті

Зақым келген Әзербайжандағы әуежай
Зақым келген Әзербайжандағы әуежай. Видеодан скриншот: t.me/mash

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ел аумағына құлаған дрондарға байланысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әзербайжан аумағына Иранға тиесілі болуы мүмкін ұшқышсыз ұшу аппараттардың құлағаны белгілі болды. Желіде Нахичевань қаласына жақын жердегі әуежай аумағындағы жарылыстың видеосы тарады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Instagram-дағы аккаунтында ел аумағына құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ақпарат беріп, мұны қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

"Бір ұшқышсыз ұшу аппараты Нахичеваньдағы әуежай терминалының ғимаратын зақымдады, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына құлады.

Біз Иран Ислам Республикасының аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарды қатаң айыптаймыз. Салдарынан әуежай ғимаратына зақым келді және екі бейбіт тұрғын жарақат алды", - делінген мәлімдемеде.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған шабуыл халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын бұзу болып табылады және аймақтағы шиеленістің артуына ықпал етеді деп санайды.

"Біз Иран Ислам Республикасынан бұл жағдайға қатысты қысқа мерзімде нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және болашақта мұндай шабуылдардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін қажетті шұғыл шараларды қабылдауды талап етеміз.

Әзербайжан тарапы жауап ретінде тиісті шаралар қабылдау құқығын өзінде қалдырады", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар Иранға наразылық нотасын тапсыру үшін Иранның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

Әзербайжан аумағына дрондар құлады: елдің Сыртқы істер министрлігі Ираннан түсініктеме беруді талап етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.