jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әзербайжан Иранға наразылық нотасын жолдап, елден дипломатиялық қызметкерлерін шығара бастады

Джейхун Байрамов
Джейхун Байрамов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Ираннан елдің барлық дипломатиялық қызметкері шығарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов ел президенті Ильхам Әлиев Ираннан дипломатиялық қызметкерлерін толық шығару туралы шешім қабылдағанын айтты.

"Бұл процесс Тегерандағы елшілікке де, Тебриздегі бас консулдыққа да қатысты. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыс істеліп жатыр", - деп атап өтті ол.

Байрамов Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен телефон арқылы сөйлескені туралы да айтты.

"Иран тарабы оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді, біз нәтижелерін күтіп жүрміз. Бұл жайтқа қатысты дипломатиялық шаралар қабылданды, наразылық нотасы жолданды және әріптесіммен телефон арқылы сөйлестім. Иран тарабы бастаған тергеу жалпы процестің бір бөлігі", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әзербайжан өз аумағына алғаш рет дрон құлағаны туралы хабарлады, ол Ираннан шыққан болуы мүмкін деген болжам жасалды. Желіде оқиға болған сәттен видео жарияланды.

Кейінірек Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иран дрондарының елге шабуылын айыптады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлаған жерлері мен зардап шеккендер туралы ақпарат та жарияланды.

Кейін Иран Қарулы күштерінің Бас штабы дронның Әзербайжан аумағына ұшырылғанын жоққа шығарып, мәлімдеме жасады. Содан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

Әзербайжан Иранға наразылық нотасын жолдап, елден дипломатиялық қызметкерлерін шығара бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.