jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Иран көрші елдерден кешірім сұрап, шабуылдарды тоқтатуға уәде берді

Иран туы
Иран туы. Фото: pixabay.com

Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің уақытша басқару кеңесі көршілес мемлекеттерге шабуылдарды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Пезешкианның айтуынша, Иран тек көршілес мемлекеттің өзі бірінші бастап шабуыл жасаған жағдайларда ғана жауап қайтаратын болады.

"Кеңес кеше көршілес елдер Иранға өздері бірінші бастап шабуылдамаған болмаса, оларға шабуылдарды немесе зымыран соққыларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. <...> Олар біздің бауырларымыз екенін бірнеше рет айттық. <...> Біз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек", - деді Иран басшысы.

Ол Иран әскери күштері елді АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдағанын атап өтіп, кешірім сұрады. Саясаткер бар келіспеушіліктерді "Вашингтон мен Тель-Авивтің ойыншығы болудың" орнына дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Иран көрші елдерден кешірім сұрап, шабуылдарды тоқтатуға уәде берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.