Пезешкиан Әзербайжандағы әуежайды атқылауға қатысты жағдайға тергеу жүргізілетінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Иран президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, Нахчыван қаласының әуежайын атқылауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Әзербайжан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзербайжан президентінің сайтында Иран мен Әзербайжан басшылары Масуд Пезешкиан мен Ильхам Әлиевтің 8 наурызда телефон арқылы сөйлескені туралы хабарланды.
"Масуд Пезешкиан Иранның Нахчыван әуежайын әуеден атқылау оқиғасына ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді және болған оқиға тергелетінін атап өтті", - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар Әзербайжан басшысы Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи мен көптеген бейбіт тұрғынның қазасына байланысты көңіл айтып, елге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті екенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Әзербайжан өз аумағына алғаш рет дрон құлағаны туралы хабарлады, ол Ираннан шыққан болуы мүмкін деген болжам жасалды. Желіде оқиға болған сәттен видео жарияланды.
Кейінірек Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иран дрондарының елге шабуылын айыптады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлаған жерлері мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланды.
Кейін Иран Қарулы күштерінің Бас штабы дронның Әзербайжан аумағына ұшырылғанын жоққа шығарып, мәлімдеме жасады. Содан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2351642-pezeshkian-azerbaizhan-auezhaiyn-atqylauga-qatysty-zhagdaiga-tergeu-zhurgiziletinin-malimdedi/