jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иран Cыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың шартын атады

Тегеран қаласы
Тегеран. Фото: MAHSA/Getty Images

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың шартын атады, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Казем Гариб-Абадидің мәлімдеуінше, егер Иран билігі Тегеранға қарсы шабуылдар қайталанбайтынына сенімді болса, Таяу Шығыстағы қақтығыс тоқтатуы мүмкін.

"БҰҰ жарғысында өзін-өзі қорғауды тоқтату шарттары айқындалған, оның бірі – мұндай әрекеттердің қайталанбауы. Қорғанып жатқан ел ретінде сіз бұл агрессияның қайталанбауын қамтамасыз етуіңіз керек. Егер бұл (қақтығыстың аяқталуы – ред. ескертпесі) шешімін тапса, онда әрине, агрессия қайталанбауы тиіс", - деді ол.

Казем Гариб-Абадидің айтуынша, атыс тоқтаған жағдайда алты айдан кейін Иранға қайта шабуыл жасалса, мұның еш мәні жоқ.

Иран Cыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың шартын атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.