jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иранда Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарынан қаза тапқандар саны жарияланды

Тегеран қаласы
Тегеран қаласы. Фото: Mahsa / Middle East Images / AFP via Getty Images

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан қанша бейбіт тұрғын қаза тапқан айтты, деп хабарлайды Xinhua агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иран тарапының ресми мәліметтері бойынша, 28 ақпаннан бері Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 1300-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 9669 азаматтық нысан қираған.

Бұдан бөлек, 7000 тұрғын үй, 1600 сауда және қызмет көрсету орталығы, 32 медициналық және фармацевтикалық мекеме, 65 мектеп пен білім беру мекемесі, Қызыл Жарты Ай қоғамының 13 ғимараты және электрмен жабдықтау бірнеше нысаны қираған.

"Олар менің елімдегі бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға әдейі және талғамай шабуыл жасап жатыр. Олар халықаралық құқықты құрметтеп те және бұл қылмысты жасауда ешқандай ұстамдылық та танытып жатқан жоқ", - деді Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.

Ол сондай-ақ соққылардан тек азаматтық нысандарға ғана емес, мұнай қоймаларына да зақым келгенін, салдарынан атмосфераға көп мөлшерде қауіпті және улы ластаушы заттар тарағанын атап өтті.

"Бұл шабуылдар БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы мен Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, халықаралық экологиялық міндеттемелерді де бұзады", - деді Иравани.

Сонымен қатар Иравани Тегеранның Мехрабад әуежайына жасалған шабуылдарды – салдарынан бірнеше азаматтық ұшақ жойылған немесе қатты бүлінген, сондай-ақ Кешм аралындағы су тұщыландыру зауытына жасалған шабуылды еске алды.

"Халықаралық қауымдастық Иран халқына қарсы бұл қанды соғысты тоқтату үшін дереу шаралар қабылдауы керек. Біз халқымызды, аумағымызды және тәуелсіздігімізді қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз", - деп түйіндеді ол.

Иранда Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарынан қаза тапқандар саны жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.