Иранға қарсы ядролық қару қолданылуы мүмкін бе: Пентагон басшысының экс-кеңесшісі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Иранға қарсы ядролық қару қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дугластың айтуынша, Израиль Иранға ядролық шабуыл жасауы мүмкін. Оның сөзінше, Нетаньяху Трампқа бағынбайды.
"Британдықтар мен француздар ешқашан бізбен кеңеспей ядролық қаруды қолданбас еді. Ядролық қаруы бар екенін мойындаудан бас тартатын елді басқаратын Нетаньяху мырза сондай ма? Мен жоқ деп айтар едім", - деді Пентагонның бұрынғы кеңесшісі.
Дугластың пікірінше, егер Израиль басшылығы елі "құрдымға кетуі мүмкін" деп есептесе, ол (Израиль) Вашингтонның мақұлдағанын күтпей немесе сұрамай-ақ ядролық қаруды қолдана алады.
"АҚШ бұл мәселе тұрғысында өзін алдамауы керек", - деді Дуглас.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2352456-iranga-qarsy-iadrolyq-qaru-qoldanyluy-mumkin-be-pentagon-basshysynyng-eks-kengesshisi-zhauap-berdi/