Израиль Иранның ең ықпалды шенеунігінің көзі жойылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Исраэль Кац дүйсенбі күні түнде Әли Лариджани мен Басидж бөлімшесі командирінің көзі жойылғанын хабарлады.
"Кеше түнде Лариджани мен Басидж бөлімшесі командирінің көзі жойылып, Хаменеи режимінің басшылығына және көзі жойылған барлық мүшесінің қатарына қосылды.
Премьер-министр екеуміз Израиль қорғаныс күштеріне Ирандағы террористік және репрессивті режим басшылығының ізіне түсуді жалғастыруды тапсырдық", - деді Кац.
Алайда Иран Лариджанидің қаза тапқанын растаған жоқ.
Иранның Tasnim мемлекеттік ақпарат агенттігі өзінің Telegram-дағы арнасында Лариджанидің әскери-теңіз күштері қызметкерлерінің қазасына байланысты көңіл айтқан қолжазба хатын жариялады. Хат 17 наурызда жарияланған.
Лариджани – Иранның ең ықпалды шенеуніктерінің бірі және оның көзі жойылған жоғарғы көсем Әли Хаменеиге жақын адам болғаны айтылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2355302-izrail-irannyng-eng-yqpaldy-tulgasynyng-kozi-zhoiylganyn-malimdedi/