Кенияда нөсер салдарынан елді су басып, 70-тен астам адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кенияда наурыздың басынан бері нөсер жауып жатыр, елдің бірнеше аймағын су басты. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 70-тен асты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Кенияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 71-ге жетті. Полиция өкілдерінің айтуынша, құрбан болғандардың жартысынан көбі Кения астанасы Найробиден. Ел астанасының кей аудандарында нашар дренаж жүйесі, арықтардың бітелуі және құрылыстың сапасыздығы жағдайды ушықтырған.
"Қайтыс болғандар саны 71-ге жетті. Найроби адам көп зардап шеккен аймақ болып қала береді, онда 36 адам көз жұмды", - делінген елдің Ұлттық полиция қызметі мәлімдемесінде.
Су тасқыны салдарынан жолдар жабылды, дүние-мүлікке зақым келіп, көптеген адам үйлерінен қашуға мәжбүр болды.
Кения метеорологиялық департаменті бүкіл ел бойынша жаңбыр әлі жалғасады деп ескертті. Нөсер жаңбыр бейсенбіде қайта басталып, сәуірде шарықтау шегі күтілуде.
Euronews арнасының мәліметі бойынша, елге жаңбыр әдетте ақпанның соңынан, яғни қатты жаңбыр маусымы басталған кезде жауады. Биыл 6 наурызда түні бойы жауып, арты қатты су тасқынына айналды, нәтижесінде Мара мен Талек өзендері арнасынан асып кетті.
Әлеуметтік желіде су басқан үйлер мен аударылып қалған көліктердің видеолары тарады.
Parts of Nairobi, Kenya are underwater tonight after persistent heavy rainfall triggered widespread flooding, leaving commuters stranded and causing major traffic disruption. pic.twitter.com/V6AHrfqE0c
— Volcaholic (@volcaholic1) March 6, 2026
Parts of Nairobi, Kenya are underwater tonight after persistent heavy rainfall triggered widespread flooding, leaving commuters stranded and causing major traffic disruption. pic.twitter.com/V6AHrfqE0c
— Volcaholic (@volcaholic1) March 6, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2355573-keniiada-noser-saldarynan-eldi-su-basyp-70-ten-astam-adam-qaza-tapty-video/