jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

12 елдің сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдарды тоқтатуға және халықаралық құқықты сақтауға шақырды

Қару
Қару. Иллюстрациялық фото: shellexx/Getty Images

12 араб және ислам мемлекетінің сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдарды дереу тоқтатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 12 араб және ислам мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткен. Осыдан кейін Әзербайжан, Бахрейн, Мысыр, Иордания, Кувейт, Ливан, Пәкістан, Қатар, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінің министрлерінің бірлескен мәлімдемесі жарияланған.

Мәлімдемеде сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдарды дереу тоқтатып, халықаралық құқықты сақтауға шақырған.

Министрлер Иранның Парсы шығанағы мемлекеттеріне, Иорданияға, Әзербайжанға және Түркияға жасаған шабуылдарын айыптаған.

Олардың айтуынша, бұл шабуылдар адамдар тұратын аудандарға, азаматтық инфрақұрылымдарға, соның ішінде мұнай нысандарына, тұщытқыш қондырғыларға, әуежайларға, тұрғын үй ғимараттарына және дипломатиялық өкілдіктерге бағыттылған.

Олар сондай-ақ Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптап, Ливанның қауіпсіздігін, тұрақтылығын және аумақтық тұтастығын қолдайтындықтарын растаған.

12 елдің сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдарды тоқтатуға және халықаралық құқықты сақтауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.