jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иранда Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге баж салығын енгізу жоспары айтылды

Ормуз бұғазы
Ормуз бұғазы. Фото: Sahar AL ATTAR / AFP via Getty Images

Иран парламентінде Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге баж салығын салу туралы заң жобасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Ирандағы мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасап хабарлауынша, Иран парламентінде депутаттардың бірі баж енгізу жөнінде мәлімдеме жасаған.

"Парламентте біз Ормуз бұғазы кеме қатынасы, энергетикалық ресурстар және азық-түлік жеткізу үшін қауіпсіз жол ретінде пайдаланылса, елдерді Иранға баж салығын төлеуге міндеттейтін заң жобасын қарастырып жатырмыз", - деп келтіреді IRIB депутаттың сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың басында Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ормуз бұғазын іс жүзінде кеме қатынасы үшін жапқан болатын. Одан кейін бірнеше мұнай танкеріне шабуыл жасалды.

Иранда Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге баж салығын енгізу жоспары айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.