jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапты (видео)

Ұшақ құлаған жер
Ұшақ құлаған жер. Фото: Daniel Ortiz / AFP via Getty Images

Колумбияда бортында әскери қызметкерлер бар ұшақ апатқа ұшырады. Кейінгі мәліметтер бойынша, әуе апаты салдарынан 66 адам қаза тапқан, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның Caracol телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, кеше, 23 наурызда Колумбияның оңтүстігінде елдің әскери-әуе күштеріне тиесілі Hercules ұшағы апатқа ұшыраған.

"Сіздерге біздің қауіпсіздік күштеріміздің әскери қызметкерлерін тасымалдаған Hеrcules ұшағы Пуэрто-Легисамодан (Путумайо) ұшып шыққан кейін апатқа ұшырағанын қайғыра хабарлаймын", - деді Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес.

Бұл ұшақ аймақтағы әскерді алмастыру аясында 27-ші бригаданың әскери қызметкерлерін тасымалдаған.

Телеарнаның мәліметінше, апаттың алдын ала себебі – ұшақ маневр жасаған кезде қиындықтарға тап болған, әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін тиісті биіктікке көтеріле алмаған.

Колумбия қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Уго Алехандро Лопес Барретоның айтуынша, кейінгі мәліметтер бойынша, ұшақ апатынан 66 адам қаза тапқан.

Қаза тапқандардың арасында әскер қатарындағы 58 әскери қызметкер, әскери-әуе күштерінің алты қызметкері және екі полиция қызметкері бар. Төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 57 адам аман қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта барлығы 128 адам болған.

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.