jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Австралиядағы циклон салдарынан аспан қан қызыл түске боялды (видео)

Австралия аспаны
Австралия аспаны. Кадр: thenewdaily.com

Тропикалық "Нарелл" циклоны Австралияның Гаскойн жағалауының көп бөлігін ойран етті. Карнарвон қаласында аспан циклон салдарынан қан қызыл түске боялды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The New Daily басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, циклон жұма күні түстен кейін Корал-Бей өңірі маңындағы жағалауды кесіп өтіп, 3-санатқа дейін жеткен, содан кейін Карнарвонға қарай бет алып, шаң-тозаң аралас дауыл тудырған.

Бірнеше сағат бойы циклон салдарынан аспан қан қызыл түске боялып, кейбір елдімекендерді шаң-тозаң басты.

Жергілікті Shark Bay Caravan Park кемпингі қан қызыл аспанның бейнежазбасын жариялап, шаң-тозаң көз бен ауызға дейін кіріп кетердей көп болғанын жазды.

Муниципалитет басшысы Эдди Смит Карнарвонды екі сағаттай қызғылт шаң аралас дауыл қоршап тұрғанын, желдің екпіні сағатына 100 км-ден (25-30 м/с) асып кеткенін айтты.

Австралиядағы циклон салдарынан аспан қан қызыл түске боялды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.