jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін өзге елдердің кемелерінен ақы алуды жоспарлап отыр

мұнай танкері
Мұнай танкері. Көрнекі фото: pixabay.com

Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатуды жоспарлап отыр. Иран осы арқылы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұғаздан өтетіндерге баж салығын салмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Иран парламенті Ормуз бұғазында жаңа режим орнатуды жоспарлап отыр. Парламенттің жоспарына сәйкес, Иран қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және баж салығын енгізеді.

Бұл туралы парламенттің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Алаоддин Боруджерди мәлімдеді.

"Парламенттің мақұлдауына сәйкес, бұғазда жаңа режим орнайды", - деп келтіреді Боруджердидің сөзін Иранның мемлекеттік телеарнасы.

Депутаттың айтуынша, Иранның рұқсатынсыз кемелерге бұғаз арқылы өтуге рұқсат етілмейді. Ислам Республикасы кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өткізу алымдарын жинайды.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін өзге елдердің кемелерінен ақы алуды жоспарлап отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.