jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

WSJ: Ормуз бұғазы ашылмаса да Трамп Иранға қарсы операцияны тоқтатуға дайын

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Alex Wong/Getty Images

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ормуз бұғазы жабық күйінде қалса да, Иранға қарсы науқанды тоқтатуға дайын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Wall Street Journal газетіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, АҚШ әкімшілігінің шенеуніктері АҚШ президентінің жоспары туралы айтты. Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Дональд Трамп пен оның көмекшілері бұғазды ашу талпынысы қақтығысты жоспарланған уақыттан 4-6 аптаға созып жібереді деген қорытындыға келген.

"Трамп көмекшілеріне Ормуз бұғазы жабық күйінде қалса да, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери науқанын тоқтатуға дайын екенін айтты", - деп жазады басылым.

Газеттің хабарлауынша, президент Вашингтон Иранның әскери-теңіз мүмкіндіктері мен зымыран қорларын азайтумен шектелуі керек деген шешімге келді. Сондай-ақ әскери операцияларды қысқартып, Тегеранға еркін сауданы қалпына келтіруге қысым жасау жоспарланып отыр.

Басылымның мәліметінше, егер бұл әрекеті сәтсіз болса, АҚШ Еуропа мен Парсы шығанағындағы одақтастарына бұғазды ашу бастамасын көтеруге итермелейді. Басылымның дереккөздері Трамп әскери нұсқаларды да қарастыруы мүмкін екенін, бірақ оған басымдық бере қоймайтынын да атап өткен.

WSJ: Ормуз бұғазы ашылмаса да Трамп Иранға қарсы операцияны тоқтатуға дайын

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.