jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Молдова ТМД құрамынан шығады: Майя Санду 10 күн ішінде жарлыққа қол қоюы керек

Майя Санду
Майя Санду. Фото: Mustafa Yalcin/Anadolu via Getty Images

Молдова президенті Майя Санду ТМД құрамынан шығу туралы жарлыққа 10 күн ішінде қол қоюы керек, деп мәлімдеді елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Процедура бойынша, парламенттің шешіміне сәйкес президенттің тиісті жарлығы шығуы тиіс. Бұл біраз уақытты алады, шамамен 10 күн. Содан кейін жарлық "Ресми мониторда" жарияланады, келесі күні ТМД хатшылығына хабарланады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

СІМ өкілдері ТМД басшылығы Кишиневтен хабарлама алғаннан кейін тағы 12 ай өтетінін, осы уақыт аралығында республиканың ТМД құрамынан шығуы ресми түрде реттелетінін нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Молдованың вице-премьер-министрі Михай Попшой Молдоваға достастық құрамынан шығуына мүмкіндік беретін, ТМД-мен жасалған негізгі келісімдердің күшін жою процедурасының басталғанын хабарлаған еді.

Ол Молдованың іс жүзінде ұйымның жұмысына қатыспайтынын және қазіргі қадам достастық құрамынан шығу процессін аяқтауға мүмкіндік беретінін айтқан еді.

2 сәуірде Молдова парламенті елдің ТМД құрамынан шығу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Молдова ТМД құрамынан шығады: Майя Санду 10 күн ішінде жарлыққа қол қоюы керек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.