jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Путин Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

Ресей президенті Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Alexander Zemlianichenko / POOL / AFP via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай 11 сәуір сағат 16:00-ден 12 сәуірдің соңына дейін дейін бітім жариялады, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы В.В. Путиннің шешімімен, жақындап келе жатқан православие мерекесі Пасхаға (Қасиетті Христостың қайта тірілуі) байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 2026 жылғы 12 сәуір күннің соңына дейін бітім жарияланды", - делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада.

Хабарламада Ресей Қорғаныс министрі А.Белоусовке және РФ ҚК Бас штабының бастығы – Біріккен әскерлер тобының қолбасшысы, армия генералы В.Герасимовке осы кезеңде барлық бағыт бойынша әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы нұсқау берілгені айтылған.

Сондай-ақ хабарламада Ресей Украина тарапы да осыны ұстанады деп күтетіні айтылған.

Путин Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.