jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Жерге оралды (видео)

Ғарышкерлердің Тынық мұхитына қонуы
Ғарышкерлердің Тынық мұхитына қонуы. Видеодан кадр: x.com/NASA

Бүгін, 11 сәуірде "Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Айды айналып ұшуын аяқтап, Жерге оралды, деп хабарлайды NASA-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

NASA-ның мәліметінше, "Артемида-2" миссиясының аясында Айды айналып ұшқан "Орион" ғарыш кемесі АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тынық мұхитына сәтті қонған.

"11 сәуірде сағат 20:07-де (Астана уақыты бойынша таңғы 5:07-де) олар парашюттардың көмегімен Сан-Диего жағалауындағы Тынық мұхитына сәтті қонды", - делінген хабарламада.

Құрамында командир Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер және миссия мамандары Кристина Кох пен Джереми Хансен бар экипаж ғарыш кемесінен аман-есен эвакуацияланған.

Ғарышкерлерді капсуладан шығарып алғаннан кейін олар медициналық тексеруден өту үшін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS John P. Murtha құтқару кемесіндегі медициналық бөлімшеге жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде NASA "Артемида-2" миссиясының аясында "Орион" кемесін Айға ұшырды. Айға төрт ғарышкер бет алған болатын.

Айта кетейік Айға соңғы рет адам 1972 жылғы желтоқсанда Apollo 17 миссиясы аясында ұшырылған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram