jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркияда мектепке қарулы шабуыл жасалды: ондаған адам зардап шеккен (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: t.me/russian_turkiye

Түркиядағы мектептердің біріне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылды 17 немесе 18 жастағы жасөспірім жасады деген күдік бар. Атыс кезінде ондаған адам зардап шеккен.

РБК-ның жазуынша, қарулы шабуыл Түркияның шығысындағы Сиверек қаласындағы (Шанлыурфа провинциясы) мектепте болған.

DHA және İHA ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, шабуылдаушы бірнеше оқушыны жаралап, оларды кепілге алған.

Haber Turk басылымы келтірген деректер бойынша, Хасан Челеби ауданында орналасқан Ахмет Коюнджу атындағы Анатолы кәсіптік-техникалық лицейіне шабуыл жасалған. Газеттің жазуынша, мектеп ішінде атыс басталған.

Milliyet басылымы атқыштың бытыралы мылтықпен қаруланғанын жазады.

Куәгер NTV арнасына шабуыл жасаған адамның 17 немесе 18 жастағы жасөспірім екенін айтқан. Оның сөзінше, әлгі адам орта мектеп аумағына сабы ұзын қарумен кірген.

"Алдымен ол аулада оқ жаудыра бастады, содан кейін мектептің ішінде оқ ата бастады", - деді куәгер басылымға.

Мектеп ішіндегі оқушылардың дені қауіпсіз жерге шығарылған. Ауданға медицина, полиция және басқа да арнайы бөлімшелер жіберілген.

БАҚ-та зардап шеккендердің саны туралы ақпарат әртүрлі.

TGRT-қа сілтеме жасаған ТАСС-тың мәліметінше, Түркиядағы мектепте болған атыстан кем дегенде 16 адам зардап шеккен.

Sabah газетіне сілтеме жасаған РИА Новости-дің жазуынша, кем дегенде 17 адам зардап шеккен.

"Шанлыурфа провинциясының Сиверек ауданындағы кәсіптік-техникалық лицейдің оқушысы мектепке бытыралы мылтықпен баса-көктеп кірген. Оқиға салдарынан 17 адам зардап шеккен оның ішінде 12 оқушы және үш мұғалім бар", - деп жазады газет.

Түркияда мектепке қарулы шабуыл жасалды: ондаған адам зардап шеккен (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.