jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қырғызстанды 20 округке бөлу жоспарланып отыр

Қырғызстан туы
Қырғызстан туы. Иллюстрациялық фото: Wong Yu Liang/Getty Images

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әкімшілік реформаның екінші кезеңі туралы айтты – елді 20 округке бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қырғызстан басшысы Ноокат ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеген.

Оның айтуынша, елдегі барлық облыс мен аудан жойылып, оның орнына Қырғызстан 20 округке бөлінеді. Қазіргі уақытта республикада 44 аудан мен 33 қала бар.

"Облыстар мен аудандар жойылып, 20 округ қалады, яғни 20 облыс болады. Біз осыған келе жатырмыз. Оған дейін әлі үш-төрт жыл уақыт бар", - деп түсіндірді Жапаров.

Сонымен қатар Қырғызстан басшысы басқару жағын байқау үшін екі-үш жылға арналған пилоттық жоба ретінде ең алдымен бір округ құрылатынын атап өтті.

Оның сөзінше, басты критерий – округ республикалық дотацияға иек артпай, өзін-өзі қамтамасыз ете ала ма. Егер жоба сәтті болса, облыстар мен аудандар толығымен жойылып, мемлекет округтерге бөлінеді.

Қырғызстанды 20 округке бөлу жоспарланып отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.