jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

БАӘ билігі өз азаматтарына Иранға, Иракқа және Ливанға баруға тыйым салды

БАӘ туы
БАӘ туы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Иракқа, Иранға және Ливанға баруға тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі аймақтағы оқиғаларды ескере отырып, БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Иран Ислам Республикасына, Ливан Республикасына және Ирак Республикасына сапар шегуге тыйым салынғанын хабарлайды. Министрлік қазіргі уақытта осы елдерде жүрген барлық БАӘ азаматтын мүмкіндігінше тезірек БАӘ-ге оралуға шақырады.

БАӘ-нің шетелдегі азаматтарының әл-ауқатын бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі аясында оның барлық нұсқауы мен ұсынымын орындаудың маңыздылығын атап өтеміз", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ елдерінен шығатынын мәлімдеген болатын.

БАӘ билігі өз азаматтарына Иранға, Иракқа және Ливанға баруға тыйым салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.