jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Атлантикадағы кемеде сирек кездесетін вирус тарап, үш турист қайтыс болды: ДДСҰ тексеру жүргізіп жатыр

MV Hondius кемесі
MV Hondius кемесі. Фото: AFP via Getty Images

Атлант мұхитында круиздік лайнермен саяхаттап жүрген үш турист көз жұмды. Олар сирек кездесетін хантавирустан қайтыс болуы мүмкін. ДДСҰ тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сирек кездесетін хантавирус Аргентинадан жүзіп шығып, Кабо-Верде аралдарында тоқтап тұрған MV Hondius кемесінде таралғаны анықталған. Үш турист көз жұмған.

Марқұмдардың екеуі Нидерландыдан келген 70 және 69 жастағы ерлі-зайыпты болған.

Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ер адам кемеде ауырып, Әулие Елена аралында қайтыс болған, ал оның әйелі Оңтүстік Африкадағы Кемптон-Парк ауруханадасында дүние салған.

Қайтыс болған үшінші адам – 69 жастағы британиялық азамат. Ол өзін кемеде жайсыз сезінгеннен кейін Йоханнесбургтегі жекеменшік ауруханаға жеткізілген. Одан хантавирус анықталған.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тексеру жүргізіп жатыр.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, хантавирустың салдарынан өкпеге және бүйрекке қатты зақым келеді.

Хантавирус инфекциясы өте сирек кездеседі, ол адамнан адамға жұғуы мүмкін. Әзірге нақты емі немесе оған қарсы дәрі жоқ, бірақ уақтылы медициналық көмекке жүгіну өмірді сақтап қалуға сеп болмақ.

Атлантикадағы кемеде сирек кездесетін вирус тарап, үш турист қайтыс болды: ДДСҰ тексеру жүргізіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.