Таиланд туристер үшін визасыз режимнің мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Таиланд үкіметі 93 елдің азаматтары үшін 60 күндік визасыз бағдарламаның күшін жою туралы екі жыл бұрын қабылданған шешімді мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Thai PBS World басылымына сілтеме жасап.
Таиландтың туризм және спорт министрі Сурасак Фанчароенворакул елдің министрлер кабинеті 93 елдің азаматтары үшін 60 күндік визасыз бағдарламаны тоқтатуды мақұлдағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шара визасыз режимнің бірнеше түрін пайдаланатын елдер үшін арнайы шарттардың да күшін жояды.
Елдің туризм министрі Таиланд бұрынғыдай 30 күндік визасыз елге кіру схемасына оралатынын айтып, Виза саясаты комитеті қауіпсіздік пен экономикалық мәселелерді ескере келе, әр мемлекетке ең қолайлы виза түрін анықтау үшін сол елдердің виза ережелерін жеке-жеке қайта қарайтынын атап өткен.
60 күндік визасыз кіру мүмкіндігінен айырылған барлық ел азаматтары бұрынғы виза ережелерін ұстанбақ, ол 30 күн елде болуға мүмкіндік береді.
Оның сөзінше, үкімет келушілер санын көбейтуге емес, "сапалы туристерді" тартуға назар аударғысы келетінін атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2378306-tailand-turister-ushin-vizasyz-rezhimning-merzimin-30-kunge-deiin-qysqartty/