"Құдайға шүкір, бәрі бітті": Путин Украинамен бейбіт келісімге қол қойылса не дейтінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен арада бейбітшілік орнаған жағдайда не дейтінін айтты. Кремль Зеленскийдің Ресей президентіне жазған хатына да қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің хатын Кремль көргенін хабарлады.
"Иә, біз көрдік. Ол хатты президент іс-шарада болған кезде жариялады", - деді ол.
Ал Владимир Путин ол кезде Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу өткізіп жатқан.
Украинадағы қақтығыс туралы пікір білдіре отырып, Ресей президенті Киев Анкориджде талқыланған келісімнің шарттарымен келіссе, бұл жағдай тез арада шешілетінін мәлімдеді – Ресей де кей талаптарынан бас тартуға дайын.
"Ресей Анкориджде талқылаған ымыралармен келіседі", - деді Путин.
Ол сондай-ақ Украинамен бейбіт келісімге қол қойған кезде не дейтінін айтты.
"Қақтығыс аяқталса, бір-бірімізге не айта алатынымызға келер болсақ, ең болмағанда: "Бәрі біткеніне Құдайға шүкір" деуге болады және оны айтуымыз да керек", - деді Путин.
Естеріңізге сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатында соғысты тоқтатуға шақырды. Ол қақтығысты тоқтату мәселесін талқылау үшін жеке кездесу өткізуді ұсынды.
Дональд Трамп Украина мен Ресей көшбасшыларының жеке кездесуі туралы идеяны қолдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2384699-qudaiga-shukir-bari-bitti-putin-ukrainamen-beibit-kelisimge-qol-qoiylsa-ne-deitinin-aitty/