jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Магнитудасы – 7,8: Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды (видео)

Қираған ғимарат
Қираған ғимарат. Фото: x.com/editor_pakfront

Дүйсенбіда Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Желіде қираған нысандардың кадрлары жарияланды.

Жер сілкінісінің ошағы Сарангани провинциясындағы Генерал-Сантос қаласының жағалауында, Минданао аралының ең шалғай оңтүстігінде орналасқан.

Билік цунами қаупі туралы ескертіп, жағалаудағы аудандардың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшуге шақырған. Көршілес Индонезия мен Жапонияда да цунами қаупі туралы ескертулер жарияланған.

Генерал-Сантос қаласындағы нысандар қирағаны туралы хабарланды.

Филиппин президенті барлық тиісті мемлекеттік органға эвакуация және құтқару жұмыстарын дереу бастауды тапсырғанын мәлімдеген.

"Цунами туралы ескертуге құлақ асыңыз. Дереу биік жерге шығыңыз. Күтпеңіз. Сіздің өміріңіз кез келген нәрседен маңызды", - деді азаматтарға Филиппин президенті Фердинанд Ромуальдес Маркос.

Полиция өкілдері әзірге қаза болғандар немесе жарақат алғандар туралы хабарламалар түспегенін айтты. Дегенмен қаза тапқан немесе жарақат алған адамдар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сондай-ақ полиция өкілдері өтіп бара жатқан кей азаматтар қорқыныштан есінен танып қалғанын хабарлады.

Магнитудасы – 7,8: Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.