13 адам мерт болды: Ауғанстан билігі Пәкістан тарапынан шабуылдар жасалғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ауғанстан билігі Пәкістан тарапынан үш провинцияға шабуыл жасалғанын хабарлады. Соққы салдарынан 13 адам қаза тапқан, олардың – 11-і балалар, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шабуыл туралы Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид әлеуметтік желіде мәлімдеген.
"Кеше түнде Пәкістан армиясы тағы да Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, Кунар, Хост және Пактика провинцияларындағы бейбіт тұрғындардың үйлерін бомбалады. Шабуылдар салдарынан 11 бала, бір әйел және бір қарт адам мерт болды, тағы 14 әйел мен балалар жарақат аған. Біз бұл гуманитарлық қылмыс пен агрессия актін қатаң айыптаймыз", - деді Муджахид.
Басылым елдер арасындағы ахуалдың 2025 жылғы қазанда ушыға түскененіне назар аударды. Сол кезде екі тарап бір-біріне соққа берген еді.
Алайда Катар мен Түркияның араласуынан кейін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2386536-13-adam-mert-boldy-auganstan-biligi-pakistan-tarapynan-shabuyldar-zhasalganyn-habarlady/