jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мыңдаған адам іздеген: Ингушетияда досын құтқарамын деп суға кеткен баланың денесі табылды (видео)

Суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары
Суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары. Фото: t.me/mchsri

Дүйсенбі, 22 маусымда Ингушетия Республикасында сегіз күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін суға батып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды. Досын құтқарамын деп суға кеткен баланы іздеуге құтқарушылармен бірге мыңдаған жанашыр жан атсалысқан.

Бұл оқиға туралы 15 маусымда белгілі болды. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ингушетия Республикасы бойынша бас басқармасының Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:36-да Қарабұлақ қаласындағы Сунжа өзенінде 8 жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Болжам бойынша ол суға батып кеткен.

Telegram-дағы SHOT арнасының мәліметінше, оқиға бір топ бала өзен жағасында демалып жатқан кезде болған. Кенет балалардың бірі суға бата бастаған. Сегіз жасар Хизир Дербичев дереу досына көмекке ұмтылған, ал тағы бір бала ересектерді көмекке шақыру үшін жүгіріп кеткен. Ақырында суға батып бара жатқан бала құтқарылып, Хизирдің өзін қатты ағыс алып кеткен.

Құтқарушылар сол күннен бері баланы іздеу жұмыстары тоқтатылмағанын айтады. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылған. Іздеу жұмыстарын қатты ағыс, су деңгейінің көтерілуі және ұзаққа созылған жаңбырдан кейін көрінудің нашарлауы қиындатқан.

22 маусымда баланың денесі табылып, іздеу жұмыстары аяқталған.

"Баланың денесі сағат 16:50-де Сунжа қаласы Калиматов көшесіндегі №4 мектептің маңынан, Сунжа өзенінің оң жағалауынан, ол суға құлаған жерден 10 шақырым жерден табылды", - деді Ингушетия құтқарушылары.

РБК басылымының жазуынша, аймақтық ТЖМ-нің "МАХ" мессенджеріндегі деректеріне сәйкес, баланы іздеу жұмыстарына 6 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында құтқарушылар, еріктілер, шұғыл қызмет қызметкерлері, сондай-ақ Ингушетия тұрғындары мен Кавказдың өзге де көршілес аймақтарынан келген жанашыр адамдар бар.

Мыңдаған адам іздеген: Ингушетияда досын құтқарамын деп суға кеткен баланың денесі табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.