jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Эбола
Эбола. Фото: Anadolu/Getty Images

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Инфекция Конгодағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Minval.az-ға сілтеме жасап.

Франция Эбола вирусының алғашқы жағдайын растады. Жақында Конгоға гуманитарлық миссияға барып келген дәрігер қауіпті инфекцияға тест тапсырған, ол оң нәтиже берді.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Диагноз расталғаннан кейін науқас дереу оқшауланды. Мамандар қазіргі уақытта науқаспен байланыста болды деген адамдарды анықтап, медициналық бақылау жүргізуде", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Франция және жалпы Еуропа халқы арасында инфекцияның таралу қаупі қазіргі уақытта төмен деп бағаланады.

Бұл жағдай Орталық Африкада ауру өршіген кезде анықталған.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақта Эбола вирусының таралуына байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.

"Соңғы мәлімет бойынша, жұқтырғандар саны 1048 адамнан асты, ал 260 адам инфекциядан қайтыс болды", - деп атап өтті.

Вирустың індет ошағынан тыс жерлерге таралу ықтималдығы төмен болғанына қарамастан, бірқатар ел әуежайлар мен басқа да шекара бекеттерінде санитариялық бақылауды күшейтті.

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.