jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін 70 сағат өткен соң үйінді астынан 11 жастағы бала құтқарылды (видео)

Венесуэладағы жер сілкінісі
Венесуэладағы жер сілкінісі. Көрнекі фото: Maryorin Mendez / AFP via Getty Images

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үш күнге жуық уақыт өткен соң қиранды астынан 11 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Колумбия Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Колумбия Қорғаныс министрлігі баланың құтқарылғаны туралы жаңалықты әлеуметтік Х желісінде жариялады. Жазбада колумбиялық құтқарушылар Венесуэладағы іздестіру-құтқару операциясына қатысып жатқаны атап өтілді.

"Бұл – ғажайып! Моисес аман-есен табылды. Колумбиядан келген USAR COL-1 тобының қирандылар астындағы 70 сағат жұмысының арқасында 11 жасар Моисес құтқарылды, бұл бізге үміт сыйлайды және аман қалғандарды іздеуге деген сенімімізді нығайтады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік. Әлеуметтік желіден көптеген ғимараттың қирағаны хабарланды, оқиғ орнынан кадрлар жарияланды. Кейін елде төтенше жағдай жарияланды.

Венесуэлада жер сілкінісінен кейін 70 сағат өткен соң үйінді астынан 11 жастағы бала құтқарылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.