jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран билігі АҚШ-пен арадағы бейбіт келісімнің бұзылғанын мәлімдеді

Иран және АҚШ туы
Иран және АҚШ туы. Фото: Studiocasper / Getty Images

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ-пен жасалған бейбіт келісімінің күші жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасарының айтуынша, АҚШ өзінің барлық міндеттемесін орындаған жоқ, енді Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум жоқ.

"Біз қазір АҚШ барлық міндеттемесін бұзып, Иран Ислам Республикасына қарсы әскери және агрессивті әрекеттерді қайта бастағанын көріп отырмыз. Олар біздің батыл қарулы күштеріміздің тарабынан қарсылыққа тап болды. Мұндай жағдайда Иран ешқандай міндеттемені сезінбейді, өйткені, қараңызшы, енді меморандум туралы айтудың өзі кеш", - деді Гарибабади.

Басылымның хабарлауынша, бір ай бұрын қол қойылған құжат бойынша барлық майдандағы әскери іс-қимылдарды дереу және түпкілікті тоқтату және Ормуз бұғазын ашуға шақыру туралы келісім жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, екі тарап арасындағы атыс бір апта бұрын, Анкарада өткен НАТО саммиті қарсаңында басталды. Ал сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату туралы келісімнің мерзімі аяқталғанын мәлімдеді.

Кейін Ақ үй басшысы атысты тоқтату аяқталғанын, бірақ Вашингтон келіссөз жүргізуге келісетінін айтты.

Иран билігі АҚШ-пен арадағы бейбіт келісімнің бұзылғанын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.