Зеленский Киевке жасалған ең ауқымды шабуылдардың бірі туралы мәлімдеді (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан Киевке ең ауқымды баллистикалық шабуылдардың бірін жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Украина басшысы өзінің Telegram-дағы арнасында жазып, шабуылдан кейінгі суреттерді жариялады.
"Осы түнде Ресей Киевке ең ауқымды баллистикалық шабуылдардың бірін жасады. Жау әртүрлі типтегі 40-тан астам зымыран ұшырды, олардың дені астанаға бағытталған. Сондай-ақ 120 соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды", - деді ол.
Зеленскийдің айтуынша, салдарынан бір адам қаза тапқан, тағы 16 адам жарақат алған.
"Жалпы осы аптада Ресей Украинаға қарсы 1450-ге жуық соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын, 1640-тан астам басқарылатын авиациялық бомбаны және әртүрлі типтегі 99 зымыранды қолданды. Одесса және Запорожье облыстарында адамдар жарақат алды, Сумы және Чернигов облыстарында қираулар тіркелді.
Сонымен қатар осы аптада Винница, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Кировоград, Николаев, Полтава, Харьков, Херсон және Черкассы облыстары да Ресей жасаған шабуылдарға ұшырады", - деді Зеленский.
Ол қазіргі уақытта баллистикалық зымырандардан қорғану тұрақты әрі басты басымдық болып қала беретінін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2401342-zelenskii-kievke-zhasalgan-eng-auqymdy-shabuyldardyng-biri-turaly-malimdedi-foto/