Мадуро ісі бойынша АҚШ-тағы сот процесі қашан басталатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайына қатысты АҚШ-тағы сот процесі 2027 жылғы 1 маусымда басталады, деп мәлімдеді Нью-Йорк соты. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сәрсенбі күнгі отырыста судья Элвин Геллерштайн Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің ісі бойынша сот процесін 2027 жылғы 1 маусымда бастауға келісті.
Бұған дейін мұндай ұсынысты АҚШ Әділет министрлігі жасаған болатын.
Күні кеше саясаткер мен оның жұбайын АҚШ маршалдары кезекті сот отырысына қатыстыру үшін Нью-Йорк сотына жеткізген еді.
Николас Мадуроның тұтқындалуы
Еске сала кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Одан кейін Трамп АҚШ ауқымды соққылар жасағанын, ал Венесуэла президенті Николас Мадуроның тұтқындалып, әйелімен бірге елден шығарылғанын мәлімдеді.
5 қаңтарда Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йорк сотында сөз сөйлеп, өздеріне тағылған айыптарды мойындамайтындарын мәлімдеді. Сондай-ақ Мадуро өзін "әскери тұтқын" деп атады. Венесуэланың Жоғарғы соты елдің вице-президенті Делси Родригес президент міндетін уақытша атқаратынын қаулы етті.
Наурыздың ортасында БАҚ АҚШ тұтқындаған Николас Мадуроның жеке айып изоляторында отырғанын хабарлады.
Наурыздың соңында Мадуро қамауға алынғаннан бері алғаш рет өз жақтастарына үндеу жолдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2403037-maduro-isi-boiynsha-aqsh-tagy-sot-protsesi-qashan-bastalatyny-belgili-boldy/
